12.05.2023, 17:32
Оқылды: 21

Жиында екі мәселе талқыланды

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен кездесті.

жиын (3)

Жиналыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Аудан әкімінің жұмыс жоспарының  осы жылдың бірінші тоқсанындағы тапсырмаларының орындаулы, екінші мәселе  тазалық айлығының қорытындысы туралы.

Бірінші мәселеге қатысты аудан басшысының орынбасарлары Қайрат Төлепов пен Жасұлан Сұлтан өздері жетекшілік жасайтын салалар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов  инвестиция тарту, иесіз нысандарды заңдастыру, ұжымдық бау-бақша егуді ұйымдастыру жұмыстарына, егіс көлемін ұлғайту, жеке сектордағы мал бағымын ұйымдастыру, «Ауыл аманты» пилоттық жобасын жүзеге асыру және тағы да басқа бірқатар мәселеге тоқталды.

–  Аудан шаруашылықтары мал шаруашылығымен бірге егіс шаруашылығын да қолға алуда. Биыл 450 га дәнді дақылдар егілді.

Биыл облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауданымызда 8 гектар жерге мекеме қызметкерлері арқылы ұжымдық бау-бақша өсіру жоспарланып, бүгінгі таңда белгіленген жерлер өңделіп, бақшалық жерлерге қажетті қоршау, суару құралдары, қажетті тұқым алынуда. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына ауданның Жусандыой және Қоскөл ауылдық округтері қатысуда. Қазіргі таңда бір жоба өтіп тұр. Қоскөлден 12 жобаның, Жусандыойдан 10 жобаның құжаттары дайындалуда.

жиын (4)

Биыл аудан бойынша 1000 бас мүйізді асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу жоспарланды, қазіргі таңда оның 424-і алынды, - дейді Қайрат Нұржанұлы.

Ауданның әлеуметтік, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, білім беру салалары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған Жасұлан Кәрелұлы әуелі әлеуметтік сала бойынша жұмыссыздар санын азайту мәселесіне тоқталып, сала бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Сонымен қатар аудан тұрғындарының көптен көкейінде жүрген аудандық ауруханадағы дәрігерлердің жетіспейушілігіне байланысты жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.

– Ауданымыздың денсаулық сақтау саласына жаңа басшы келіп, көптен айтылып келе жатырған өзекті мәселені шешу мақсатында жұмыстанып жатыр. Біз оған қолдау көрсетеміз. Жақында Алматы қаласынан дәрігер-хирург келеді. Келген маманды біз баспанамен, көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етуіміз керек - деді  Жасұлан Карелұлы.

Тазалық айлығы қорытындысына сай хабарлама жасаған  аудан басшысының орынбасары Қайрат Нұржанұлының айтуынша тазалық айлығында аудан бойынша елді-мекендерден 68 тонна күл-қоқыс шығарылған.

–   Егіндікөл, Қоскөл, Жусандыой ауылдарының көшелері күл-қоқыстан толықтай тазартылған. Қалған округтердің көшелері әлі күнге дейін тегістей тазартылмаған. Көшелердегі контейнерлерге салынатын қалдықтар үшін  көше тұрғындарынан биылға төлем алынбайды. Ал мекемелер қатты қалдықтарды шығару үшін «Бақыт - жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен шарт жасасып, төлем төлеуі керек. Полигонға төгілген қоқысқа төлем төленеді,  - деді хабарламашы Қ.Төлепов.

Жиналысты қорытындылаған аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы ауыл көшелерінің, мекемелер айналаларының тазалығын қадағалауды комиссия төрағасы мен мүшелеріне қатаң тапсырды.

–   Маусым айының басында тазалыққа байланысты тағы да жиналыс өткіземіз. Айлық кезінде тазалық жүргізбеген мекемелер мен бөлім басшылары, округ әкімдері соған дейін жұмыстанбаса тиісті  шара қолданылады. Бәрімізде осы елдің азаматтарымыз. Бәрі де өзіміз үшін керек. Әркім өз саласы бойынша қызметін мұқият, жауапкершілікпен атқарса ешқандай мәселе туындамайды, - деді аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев.

                                                                        Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале