24.02.2021, 14:23
Оқылды: 32

Жолда қалған азаматқа жәрдем көрсетілді

Үстіміздегі жылдың 23 ақпаны күні 18 сағат 00 минут шамасында, Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөліміне облыстық төтенше жағдайлар басқармасының жедел кезекшісінен, Самара-Шымкент тас жолының 326-шақырымында "Ваз 2110" маркалы жеңіл көлігі қарға кептеліп қалғандығы туралы хабар түсті.

78CC71AF-9859-428B-A4CA-4EE55270EBA3

Хабар түсісімен аудан ТЖБ және №14 ӨСБ-нің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп көлігі қарға батып қалған Қаратөбе ауданының азаматы аудан орталығына жеткізілді. Қазіргі таңда, құтқарылған азаматтың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Аман-есен құтқарылған Нұршат Қауанов төтенше жағдайлар бөлімі және №14 ӨСБ-не қызметінің жұмысына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Шынар Молданиязова,

 Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале