Warning: session_start(): open(/tmp/sess_n8phpuroqmqdhbklm5cfj2arh5, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Әдеп нормаларын сақтау – жауапты міндет - официальные новости ЗКО
1.08.2025, 17:15
Просмотры: 146

Әдеп нормаларын сақтау – жауапты міндет

Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Темірболат Сағынгереев Алмаз, Ақшат, Қарағаш ауылдық округтеріндегі мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Басқосуда мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, жұмыс барысында туындайтын мәселелер мен оны шешу жолдары талқыланды.

image-01-08-25-12-41-5

Кездесу барысында аппарат басшысы қоғам алдындағы жауапкершілік пен әдептіліктің маңыздылығына тоқталып, әр мемлекеттік қызметкердің мінез-құлқы мен қызметтік әдебі – халық сенімінің көрсеткіші екенін атап өтті.

"Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сол себепті әрбір әрекет, әрбір шешім заң мен әдеп шеңберінде болуы керек, – деді Әдеп жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті. Кездесу тәжірибе бөлісу мен түсіндіру бағытында өте мазмұнды өтті.

image-01-08-25-12-41-7

Мұндай кездесулер ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған нақты қадам болып отыр.

 

Светлана Ешматқызы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале