Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1f1k5ftk6r89d4o72jsk3kn0np, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Әскери қызметшілердің жұмысымен танысты - официальные новости ЗКО
14.12.2023, 14:45
Просмотры: 171

Әскери қызметшілердің жұмысымен танысты

Казталов ауданы әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрайымы Зәйлім Мәжитова Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмыс барысымен танысты.

image-14-12-23-08-21

Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Біржан Ерсайынұлы еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін сақтауда әскери құрылымдардың маңыздылығын айта отырып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Зәйлім Исатайқызы әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігімен танысып, әскери бөлімдерді аралады. Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Біржан Баймұқанов:

- Бүгінде әскердің барлық саласына цифрлық технологияларды енгізу жалғасып келеді. Бұл жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік берді. Әскери комиссариаттарды цифрландырудың негізіне цифрлық форматқа көшіруге, әскери комиссариаттар жүйесінің жұмыс істеуіне оң ықпал етеді. Біздің бөлім бірнеше құрал-жабдықтармен толықтырылды, - деді.

image-14-12-23-08-21-1

Аудан әкімінің орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрайымы Зәйлім Исатайқызы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Біржан Ерсайынұлына алғысхат табыс етсе, өз кезегінде бөлім бастығы да аудан әкімінің орынбасарына бөлімге көрсетілген қолдауы негізінде алғысхат пен гүл шоғын табыстады.

 

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале