Warning: session_start(): open(/tmp/sess_kd28ibejs0o55dr1au4koof3qi, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Қаратөбе ауданы: Ақтайсайда спорттық кешен пайдалануға берілді - официальные новости ЗКО
31.01.2026, 9:00
Просмотры: 28

Қаратөбе ауданы: Ақтайсайда спорттық кешен пайдалануға берілді

Бүгін Ақтайсай ауылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін «Батыр боламын» жобасы аясында спорттық кешеннің ашылу салтанаты өтті.

623810102_2054714615322648_6704211824867907580_n

Спорттық кешеннің ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, спорт ардагері Мереке Абденов құттықтау сөз сөйлеп, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жасақталған жаттығу залын ауыл халқы игілігіне пайдалануға тілектестіктерін жеткізді.

IMG_0902
Салтанатты шарада спорт кешенінің лентасы қиылып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты.
Спорттық жаттығу залын аралап көрген меймандар, спортпен шұғылданам деген өрендерге барлық жағдай жасалғанына көз жеткізді.

IMG_0920
Жаттығу залында бокс, күрес бөлмелері, жүгіру жолағы, жаттығу құралдары орналасқан.

IMG_0933

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале