Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1etqqd4ea77g3dbjknoktn1ocj, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Махаббат мен мұңға толы қойылым казталовтық көрерменнің жүрегіне жетті - официальные новости ЗКО
10.06.2025, 0:00
Просмотры: 354

Махаббат мен мұңға толы қойылым казталовтық көрерменнің жүрегіне жетті

Бүгін С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында жергілікті көркемөнерпаздардың қатысуымен «Махаббат қалашығы» атты драма көрермен назарына ұсынылды. Шығармада шынайы сезім, адами құндылықтар мен өмірлік таңдау туралы ой қозғалды.

photo-output

Қойылымның әрбір сәті тебіреніске толы болды. Сахнадан өрбіген қойылымда адамдардың арасындағы сенім, таңдау мен жауапкершілік, адамның бойындағы ар-намыс туралы философиялық ойлар, сонымен қатар достық пен отбасы арасындағы сатқындық шебер суреттелген.

photo-output

Әсіресе басты рөлдегі қыз бен жігіттің арасындағы махаббат үшін күресі көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды.

photo-output
Қойылым соңында махаббатты ғана емес, өмірдің сан түрлі оқиғаларын, адами қадір-қасиетті тереңінен көрсете білген тағылымды туындыға көрермендер қошемет білдіріп, шығармашылық ұжымға ризашылықтарын білдірді.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале