Warning: session_start(): open(/tmp/sess_hb71bt4jm7o2igjhvs613cb3ba, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Теректі ауданында ірі жоба жүзеге аспақ - официальные новости ЗКО
27.06.2024, 11:45
Просмотры: 474

Теректі ауданында ірі жоба жүзеге аспақ

Дәл қазір БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингі өтіп жатыр. Оған Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысып, аудандағы кәсіпкерлік саласының хал-ахуалы хақында халыққа таныстыруда.

4B198A92-E46B-4DD9-99DF-A60529129C00

Ауданның экономикасы мен әл-ауқатын жақсарту мақсатында қос ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған еді. Бұл туралы баспасөз брифингіне қатысқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мәлім етті.

– Осы орайда «Ringo Milk» ЖШС сүт-тауар фермасын кеңейту үшін қосымша мал қора салу және максималды қуаттылығын 1 200 мал басына жеткізу көзделген. Инвестиция сомасы – 2 млрд 400 млн теңге, қосымша 30 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда бар. Сонымен қатар «Төлеңгіт» шаруа қожалығында сүт-тауар фермасының құрылысы, мал қора салу мен симментал тұқымды 400 асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу болашақтың еншісінде тұр. Жобаның құны – 1 млрд теңге.  Аталмыш жоба жүзеге асқан жағдайда 15 жаңа жұмыс орны ашылмақ, - деді аудан басшысы.

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале