Warning: session_start(): open(/tmp/sess_o0bieihsah71262msvnb6plaqc, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Ұлыс күні ұлықталуда - официальные новости ЗКО
20.03.2025, 16:00
Просмотры: 408

Ұлыс күні ұлықталуда

Бүгін Жаңақала желілік-өндірістік басқармасы Наурыз мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырды.  Алдымен мекеме қонақ үйінің алдында ер-азаматтар ұлттық спорт  түрлерінен, яғни ләңгі тебу, қол күресі мен арқан тартыстан сынға түсті.  

image-20-03-25-02-50-5

Шараның екінші бөлімі ғимарат ішінде жалғасын тапты. Оған сала ардагерлері  қонақ ретінде  арнайы шақырылды.

image-20-03-25-02-50-3

ЖӨБ басшысы Айдарбек Таңатаров мерекелік құттықтауын жолдаған соң  «Қыз ұзату», «Келін түсіру», «Бесікке салу» және «Тұсаукесер» рәсімдері көрермен назарына ұсынылды.

image-20-03-25-02-50-2

Сондай-ақ  ән де айтылып, күй де шертілді.  

image-20-03-25-02-50-1

Бірнеше салт-дәстүрді бір шарада тоғыстырған ұжым ұлттық құндылықтарымызды, халықтық сипаттағы қасиеттерді көрсетіп,  мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Кеш соңында жоғарыда айтып өткен ұлттық ойындардың жүлдегерлері марапатталып, арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс  етілді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале