Warning: session_start(): open(/tmp/sess_uahlfea9h8275e0ttnkkhfl6ev, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жаңақала ауданы Қызылоба ауылында ауыл әкімі сайлауы өтіп жатыр - официальные новости ЗКО
24.11.2024, 9:30
Просмотры: 482

Жаңақала ауданы Қызылоба ауылында ауыл әкімі сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Қызылоба ауылдық округінде ауыл әкімі сайлауы өтіп жатыр. №129 сайлау уческесі 6:00-де ашылып ,тұрақты және тасымалданатын жәшіктердің тұтастығын, оларда сайлау бюллетеньдерінің жеткілікті қойылғаны тексерілді.

image-24-11-24-07-35-3

Алдымен, Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, жауапты комиссия мүшелері жарияланды. Жергілікті тұрғындар 7:00 - ден бастап заң нормалары белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауын жасауда. Сондай-ақ, сайлаудың ашық әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері сайлау үдерісіне жіті бақылау жүргізуде.

image-24-11-24-07-35-1

Бүгінгі сайлауда алғаш болып өз таңдауын жасаған тұрғын Сайран Хайруллинге сыйлық табыс етілді. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Ахметдияр Айтқалиевтің айтуынша, № 129 сайлау учаскесінде 643 сайлаушы бар. Үйден дауыс берушілер саны - 14.

Фариза Махамбетова
Жаңақaла ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале