Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1f1k5ftk6r89d4o72jsk3kn0np, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Жәнібектік жас боксшылар Ресейде өткен турнирде үздік атанды - официальные новости ЗКО
29.10.2024, 10:15
Просмотры: 408

Жәнібектік жас боксшылар Ресейде өткен турнирде үздік атанды

24-27 қазан аралығында Ресей Федерациясының Волгоград қаласында бокстан КСРО шебері Николай Макиенконы еске алуға арналған ашық турнир өткен болатын.

image-29-10-24-09-34

Турнирге шет мемлекет, яғни Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей елдерінен келген барлығы 190-ға жуық спортшы қатысты. Жәнібек ауданынан тоғыз жас спортшы бақ сынады.

image-29-10-24-09-34-5

Нәтижесінде 32 келі салмақта Мерейхан Қамит – І орын, Бекназ Қамидолла – ІІІ орынды алды. 34 келіде Азизхан Қадыр – І, Нұрислам Алпыс – ІІ орыннан көрінді. 46 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Нұрлан – ІІІ, 52 келіде Жарас Тастанов –  ІІІ орынды иеленді.

image-29-10-24-09-34-2

Мерейхан Қамит «Үздік боксшы» аталымын иеленіп, кубок жеңіп алды. Сонымен қатар Жәнібек командасы үздік деп танылып, теледидарға ие болды.

image-29-10-24-09-34-3

Жас спортшыларды жаттықтырып жүрген бапкер Нұрбек Орынбаев жас спортшыларға қолдау көрсетіп, жарысқа қатыстыруға ықпал еткен ата-аналары мен жеке кәсіпкер Алтынбек Исаевқа алғысын білдірді.       

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале