17.12.2018, 20:17
Оқылды: 181

"Алтын домбыра" - Жансая Мусинада

Астана қаласының 20 жылдығына және Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты VII "Алтын домбыра" республикалық ақындар айтысы өтті.

20181217_201041
Оған Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансуров, Шалқарбай Ізбасаров, Хазірет Бердіхан, Сырым Әділов, Серік Қуанған, Ершат Қайболдин сынды мықты ақындар қатысты.
16-17 желтоқсан күндері "Астанам, сенсің айбарым" тақырыбында өткен аламан нəтижесінде Батыс Қазақстан облысы атынан қатысқан, Ақ Жайықтың арқалы ақыны Жансая Мусина бас жүлде алып, 5 миллион теңгені иеленді.

 

Нұртай Текебаев
© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале