18.01.2018, 13:06
Оқылды: 30

БҚО әкімі ардагерлермен кездесті

Kulginov veteranyБүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңіріміздегі соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Бейресми жүздесуге соғыс ардагерлері Мұхтар Әжіғұлов, Менжан Әбдірахманов, Иван Гапич, Хамза Сафин, өлкетанушы Жайсаң Ақбай мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов қатысты.

Кездесуде өткен жылы облыста атқарылған жұмыстарға шолу жасалып, жаңа жылда атқаратын шаруалар ақылдасылды.

Облыс әкімі Алтай Көлгінов ардагерлерге өңіріміздің дамуы жолында зейнетте болса да, белсенді еңбекке араласып жүргендері үшін алғыс айтып, алдағы уақыттағы жекелеген мерейтойлар мен Ұлы Жеңіс мерекесін қалай атап өту керектігі жөнінде кеңесті.

Kulginov veterany (1)– Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облысымызда жүзеге асуына атсалысып келесіздер. Кейінгі буынға сіздер көзсіз ерліктеріңіз бен ұшан-теңіз еңбектеріңіз арқылы үлгісіздер. Әр кездескен сайын ұсыныстар айтып, жеке бастың емес, елдің жағдайын жеткізіп жүрсіздер. Осы үшін сіздерге алғыс білдіргім келеді, - деді А.Көлгінов.

Соғыс ардагері, Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Мұхтар Əжіғұлов: «Елбасымыздың Америкаға барып, ел мүддесі жолында қыруар еңбек жасап жатқанын көріп, біліп отырмыз. Елге жаны ашитын басшымыздың қамқорлығын Батыс Қазақстан облысы да айқын сезініп келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деп аталық тілегін білдірді.

Өз кезегінде Жайсаң Ақбай ардагерлердің мектептер мен университеттердегі кездесулерден қалмай, білгенін үйретіп жүргендерін атап өтті.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале