2.08.2018, 15:00
Оқылды: 58

БҚО-да 12 490 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ

1 synypӨңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың мәлімдегеніндей, жаңа 2018-2019 оқу жылында облыстағы 379 мектепте 100 мыңнан астам оқушы білім алмақ.


Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуі себепті 3 бастауыш мектеп жабылады деп жоспарлануда.

2018-2019 оқу жылында, болжамды мәлімет бойынша, 1 сыныпқа 12 490 оқушы қабылданады деп күтілуде (2017 жылы - 11 263 бала).

2018 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алу үшін 2 730 млн.теңге бөлінді. Облыс бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты 4,6,8 сыныптарының барлық оқулықтары, мектепалды даярлық сыныбы мен арнаулы мектеп оқулықтарына, 1 сыныптарға арналған дәптерлерді, ағылшын тілде оқытатын тапсырыс берілді. Баспалармен келісім шарттар жасалып, алдын ала төлемдер жүргізілді. Оқулықтарды тасымалдау осы айдың 10-нан  басталады.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале