2.07.2019, 18:38
Оқылды: 443

БҚО-да 41 жастағы тұрғынның үйінен 2 келі марихуана тәркіленді

«Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Орал қаласының полиция басқармасының қызметкерлері, 1978 жылы туған қала тұрғынының пәтерінен целлофан қалташаларына салынған 2 келіге жуық марихуана тауып алды.

marihuana

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабының 4-бөлігімен (есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика бойынша жыл сайын өтеді. Аталған шараның алғашқы айында БҚО полиция бөлімшелері заңсыз есірткі құралдарының айналымына байланысты 23 қылмыстық және 15 әкімшілік құқықбұзушылық фактісін анықтады.

БҚО ПД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале