23.08.2018, 14:17
Оқылды: 63

БҚО-да «7-20-25» бағдарламасымен 15 ипотекалық несие берілді

39883774_229183201088455_3662144117367898112_nЖаңа ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасы бойынша 15 батысқазақстандық ипотекалық несие алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық банктің Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Сергей Родин әңгімеледі.


 Елімізде «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасы белсенді іске асырылуда.

Сергей Родиннің айтуынша, бүгінде еліміздегі 5 екінші деңгейдегі банк, яғни «ЦентрКредит Банкі», «АТФБанк», «Цеснабанк», «Еуразиялық  банк», «Bank RBK» Банкі» АҚ-лар ипотекалық несие  беруде. Ал бір банк кеңес береді, 3 банк аталмыш бағдарламаға қатысуға дайындалуда.

Биылғы жылдың 20 тамызындағы мәлімет бойынша елімізде банктермен жеке тұлғалардан бағдарлама бойынша несие алу үшін 1586 өтінім қабылданып, соның ішінде жалпы шамасы 11,9 млрд. теңгеге 1026 өтінім мақұлданды. БҚО бойынша екінші деңгейдегі банктердің филиалдарында 56 өтінім қабылданып, 36 өтінім мақұлданған. Бұл өтінім иелері жалпы шамасы 273,5 млн. теңге несие рәсімдеген. Соңғы 22 тамыздағы  мәлімет бойынша, облыс тұрғындарынан 58 өтінім қабылданып, 15 ипотекалық несие  берілген.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале