31.07.2018, 14:17
Оқылды: 73

БҚО-да «Таза жағалау» акциясына 18 мыңнан астам адам қатысты

Taza zhagalau (1)2018 жылдың 28 шілдесінде Жайық күніне орайластырып Орал қаласы мен аудандардағы су айдындарының жағалауларында «Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясы өтті.


Жайық күні 2016 жылы трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Үкіметтері арасындағы Келісім аясында 2017 жылы 31 наурызда Орал қаласында Батыс Қазақстан, Атырау жәнеОрынбор облыстарының басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста белгіленді.

Акцияға облыс бойынша 18650 адам қатысып, 360 техника жұмылдырылып, 968 тонна қоқыс шығарылса, Орал қаласы бойынша қатысушылар саны 530 адамды құрап, 6 техниканың көмегімен 38 тонна шамасында қоқыс шығарылды.

Бүгінгі акцияның мақсаты облыстағы су айдындардың жағдайын жақсарту, оларға жауапкершілікпен қарау және туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелеу болып табылады. Акция облыс тұрғындарының арасында экологиялық мәдениеттілікті арттыруға көмектеседі.

Taza zhagalau (2)Акция аясында Жайық өзенінің жағасымен қатар, аудандардағы Кіші және Үлкен Өзен, Шаған, Деркөл, Елек, Утва өзендері мен Шалқар, Еділсор, Рыбный Сокрыл көлдерінің жағалаулары тазаланды.

Орал қаласы аумағындағы Жайық өзені жағалауы Чапай атындағы бөгеуден бастап Коминтерн шағын ауданына дейін тазаланылды.

Қоршаған ортаның сақталуына немқұрайлы қарамайтын облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Орал қаласының әкімдігінің, «Қазсушар» РМК БҚФ, «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су арнасы» ЖШС, мемлекеттік кірістер департаменті, БҚО бойынша қазынашылық департаменті, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің батыс қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция  комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, экология департаментінің, қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің, орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемесінің, ҚазИИТУ, «Орал қаласының бағбаншылар мен бау-бақша қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі және көптеген тағы басқа мекемелердің қызметкерлері, балық шаруашылығы субъектілер мен «Жасыл ел» жастар ұйымының ұжымы ерекше құлшыныспен жағалауларды қоқыстардан тазартты.

Taza zhagalauСенбілікті ұйымшылдықпен өткізген Ақжайық, Зеленов, Шыңғырлау, Жаңақала, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Шыңғырлау аудандарының тұрғындарын ерекше атап өтуге болады.

Мысалы, Жәнібек ауданы бойынша 250 адам мен 10 техника қатыстырылып, бөгет пен арналардан 7 тонна қоқыс шығарылды.

Тек Акжайық ауданы бойынша барлық ауылдық округтерімен қоса 1084 адам, 30 бірлік техника қатысып, 38 тонна қоқыс шығарылды.

Казталов ауданында Үлкен және Кіші Өзен өзендері, Әжібай, Нұрсай бөгеттері және т.б жағалаулары тазаланды.

Бөкейордасы орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша мемлекеттік мекемесі Мұратсай су қоймасының жағалауын жинастыруға 25 адам мен 2 бірлік техниканы қатыстырып, 3 тонна қоқыс жинаса, жол жиегіндегі қоқыстарды жинауға 25 адам мен 2 бірлік техника қатыстырылып, 2 тонна қоқыс шығарылды.

Экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосқысы келген кез-келген ниет білдірген адам акцияға қатыса алды, өйткені облыс тұрғындарына алдын ала хабарлау жұмыстары жүргізілді.

Мұндай акцияларды мүмкіндігіне қарай жиі жүргізіп тұрған абзал. Өйткені тұрғындардың назарын қоршаған ортаның ахуалына, соның ішінде су айдындары жағалауларының тазалығына көңіл аударту қажет. Осындай жиі және ауқымды өткізілетін тазалық акциялардың арқасында жауапты табиғат пайдаланушыны тәрбиелеуге болады деп сенеміз. Себебі тазалық жиналатын жерде емес, қоқысты тастамайтын жерде екені анық. Көптеген демалушылар басқа адамдармен лақтырылған қоқыстарды жинап жатқанды көре тұра, осындай акцияларға белсене қатысуға немесе өздерінің қоқыстарын жинап кетуге уәде береді.

Табиғат игілігі үшін бірнеше сағат ғана жүргізілген тазалау жұмыстары арқасында, жақсы, ізгі, пайдалы іс болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале