8-707-808-48-55
8.06.2017, 17:50
Оқылды: 2
БҚО-ны Ресейдің Саратов қаласымен байланыстыратын жол жөнделуде

 Жол истеу    Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес жалпы құны 23,1 млрд теңге тұратын «Орал - Тасқала - РФ шекарасы» жолын (4-104 км) күрделі жөндеу жалғасуда.


  БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Индустрияландыру аясындағы жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасымыз тұсауын кескен аталмыш жоба бастамашысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ болса, мердігері - «Юнисерв» ЖШС.  Бұл жолдың құрылысы 2015 жылы басталып, бастапқыда Ұлттық қордан 3 млрд теңге бөлініп, 11 шақырым жол қайта салынған болатын. Соған орай 101 жаңа жұмыс орны ашылған еді. Өткен жылы 5,5 млрд теңгеге 17,1 шақырым жол жабыны қайта төселді (93 жұмыс орны).

     Биыл 9,6 млрд теңгенің жұмыстары атқарылмақшы. Күні бүгін жоспарланған 53,9 км жолдың 2,8 шақырымы жөнделді (62 жұмыс орны). 2018 жылы қалған 18 шақырымды жөндеуді бітіріп, пайдалануға тапсыру көзделуде.

   Аталмыш жолдың халықаралық маңызы да ерекше. Бұл жоба облыстағы, сонымен қатар Ресейдің Саратов сынды қалаларымен жол қатынасын жақсартып қана қоймай, көрші елдің нарығына отандық тауарларды экспорттау мүмкіндігін арттырады.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар