24.02.2017, 18:17
Оқылды: 52

Депутат газ тарту құны неге қымбат екенін айтып берді

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қатауолла Ашығалиев тарифтердің, әсіресе газдың қымбаттығын сессия отырысында көтерді. 


Қ.Ашығалиев «Жайықжылуқуат» кәсіпорнында әлі күнге газды сараптау (газанализатор) қондырғысы қойылмағанын айта келіп, шалғайдағы қыстақтарды сұйық газбен қамту мәселесін шешуді ұсынды. Ол бір ауылды газбен қамтуға бірнеше мердігер кірісетінін: бірі ауылға дейін газ құбырын, екіншісі ауылішілік газ құбырын, үшіншісі үйге газ кіргізумен айналысып, әрқайсысының пайда табуға ұмтылатынын, осының барлығы ауыл тұрғындарына қымбатқа түсетінін айтты. Газ тарту құнын ауыл халқына қолжетімді қылу үшін жоғарыда аталған жұмыстардың барлығын атқаруды тек бір мердігерге тапсыру жөнінде ұсыныс білдірді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале