28.03.2017, 10:53
Оқылды: 49

Кадеттер арасында таеквондодан ел чемпионаты мәреге жетті

Kadetter arasindagi jaris   Орал қаласында кадеттер арасында таеквондодан ел чемпионаты мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.


     БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық спортшы Лиана Кушкеева 51 келі салмақта озық шығып, чемпион атанды. Оны БҚО құрамасының таеквондодан аға жаттықтырушысы Арслан Ордабаев жаттықтырады.

     Сондай-ақ өз салмақ дәрежелері бойынша Аружан Қалжанова (29 кг), Рита Бақышева (33 кг, екеуі де Алматы қаласынан), Гауһар Сансызбай (37 кг, Қызылорда), Ажар Әубәкірова (41 кг, Алматы), Аида Есенбердіқызы (44 кг), Ясмина Нарбаева (47 кг, екеуі де Шымкенттен), Айша Бейсенова (55 кг), Нұриза Тұрарова (59 кг, екеуі де Алматыдан), Ульяна Чечет (+59 кг, Қарағанды) жеңіс тұғырына көтерілді.

     Кадет жасындағы ұлдар арасында Саят Төреқұл (33 кг, Тараз), Нұрбек Ғазез (37 кг, Алматы), Нұрғиса Амангелді (41 кг, Ақтау), Бекежан Аманжанов (45 кг, Атырау), Бекжан Нүсіпәлі (49 кг, Алматы), Диас Срапилов (53 кг, Талдықорған), Абдурахман Марипов (57 кг, Шымкент), Денис Ақжолов (61 кг, Талдықорған), Ерсұлтан Бахарам (65 кг, Қызылорда), Ахмади Нұрхасым (+65 кг, Павлодар) жеңімпаз атанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале