6.05.2017, 22:56
Оқылды: 59

"Қазақстан Барысының" облыстық кезеңінің жеңімпазы анықталды

received_10209066156783494Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін 'Қазақстан Барысы' жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов биыл осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған турнирдің республикалық кезеңі 'ЭКСПО-2017' көрмесі аясында өтетін айтты. Бүгінде мемлекет тарапынан ұлттық спорт түрлерін,  соның ішінде қазақ күресін дамытуға жете мән беріліп отырғанын жеткізіп, балуандарға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, боз кілемге аудандарда және Орал  қаласында болған іріктеу сайысынан үздік деп танылған 14 палуан шықты.

Нәтижесінде ептілігімен, жедел қимылымен көзге түскен Жәнібек ауданының атынан шыққан Ерназар Хамзин бас жүлдені еншіледі. Ал бөрлілік Темірлан Көлбай мен сырымдық Нұрымжан Ғаббасов қалған жүлделі орындарды өзара бөлісті. Ал Астанада өтетін республикалық додада облысымыздың намысын Ерназар мен Темірлан қорғайтын болады.

Сəкен Əбілхалықов

zhaikpress.kz.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале