24.01.2017, 18:45
Оқылды: 49

«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы баспана қалай беріледі?

yrgin yi jinak banki 01  Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ  облыстық филиалының басшысы Айгүл Наурызалиева түсінік берді.


  Жергілікті атқарушы орган арқылы және «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі арқылы берілетін тұрғын үйлердің іске асыру шарттары қандай?

  Жергілікті атқарушы орган желісі арқылы салынған несиелік тұрғын үйлердің 50%-дан кем емес бөлігі «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс  жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары болып табылатын,  жергілікті атқарушы орган тізімінде кезекте тұрған азаматтар арасында бөлінеді.

  Бағдарлама шартына сәйкес, облыс әкімдігі тоқсан сайын банкке кезекте тұрған азаматтардың тізімін жолдайды. Банк өз кезегінде бұл тізімді базаға енгізіп, кезекте тұрғандарға «ЖАО (жергілікті атқарушы орган) тұрғын үй кезегінде тұрған» деген мәртебе береді. Қазіргі уақытта ЖАО тізіміндегі азаматтар туралы ақпарат анық емес, яғни олардың бірқатарында ЖСН нөмірі мен байланыс мәліметтері жоқ, бұл жағдай мәселені күрделендіріп отыр. Мысалы, ЖАО-ның 2016 жылдың 29 қарашасында бізге жолдаған мәліметінде кезекте тұрған 18 180 азаматтың 8483-інің дерегі анық болмай шықты. Банк мәліметті базаға енгізгеннен кейін облыстық әкімдікке мәліметтерді түзету үшін ЖАО-ның кезегіне қабылданған және  қабылданбаған азаматтардың тізімін жолдайды. Осыған орай ЖАО тізімінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар өз мәліметтерін түзету үшін Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөліміне (ТКШБ) жолығуы керек, - деді Айгүл Әбуғалиқызы.

Айша ӨТЕБӘЛІ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале