16.07.2018, 18:43
Оқылды: 33

«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында – жаңа басшы

ZhanibekovБүгін облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. 


«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ төрағасы лауазымына Жәнібеков Дияс Асқарұлы тағайындалды.

Жәнібеков Дияс Асқарұлы 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құқықтану бакалаврі, «Ла Сапиенца» Рим университетін әлеуметтік ғылым және гуманитарлық қатынас магистрі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін экономика бакалаврі бойынша бітірген.
Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

Комитеті жетекші маманы, сарапшысы; БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, басшысы; ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі активтерді басқару департаменті директорының орынбасары; ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Атырау облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары болып істеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале