11.09.2017, 18:04
Оқылды: 53

Оралда АИ-92 маркалы бензин қымбаттады

бензин4     Орал қаласындағы жанар-жағармай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензиннің бағасы шамамен 3 теңгеге қымбаттап кетті, деп жазады «Мой ГОРОД» порталы.

     10 қыркүйекте оралдық жанармай құю стансалары АИ-92 маркалы бензин бағасын көтерді. Айталық, бұрын «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеттерінде АИ-92 маркасы 140 теңгеден сатылса, қазір 144 теңгеден сатылуда.


    Кейбір жерлерде бұған дейін АИ-92 «Премиум» 137 теңгеден, ал «Нормал» - 133 теңгеден сатылған  жанармай бағасы сәйкесінше шамамен 3 теңгеге қымбат бағада саудалануда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале