29.09.2018, 14:32
Оқылды: 62

Оралда бау-бақша өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

IMG-20180929-WA0019Бүгін Орал қаласындағы Ықсанов көшесінің бойында маусымдық бау-бақша өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.


 

Жәрмеңкеге Ақжайық, Зеленов, Қаратөбе, Теректі аудандарының, сондай-ақ қала маңының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, қайта өңдеу кәсіпорындары және ірі көтерме тауар жеткізушілері қатысты.

IMG-20180929-WA0017Жәрмеңкеде барлығы 17 бас ірі қара еті, 10 бас жылқы еті, 20 бас қой еті, 32 тонна картоп, 25 тонна пияз, 1 тонна сәбіз, 0,5 тонна қияр, 0,6 тонна қызанақ, 7 тонна қарбыз, 3,5 тонна қауын және 18 мың дана жұмыртқа сатылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале