8-707-808-48-55
12.07.2018, 12:49
Оқылды: 57
Оралда іскер әйелдердің халықаралық конференциясы өтуде

gender (3)Бүгін облыстық мәслихаттың акт залында «Гендерлік саясатты іске асыруда мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы. Аймақтық ынтымақтастық тәжірибесі»  атты халықаралық конференция өтуде.


Басқосуды облыс  әкімдігі  ҚР Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырған. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, сондай-ақ Ұлттық комиссия мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, gender (2)жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Ресейдің Астрахань, Волгоград, Орынбор, Самара және Саратов облыстарынан келген іскер әйелдер қатысуда.

Нәзік жандылар  ел экономикасының дамуына жыл сайын  үлес қосып келеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, «Іскер әйелдердің экономика саласындағы мүмкіндігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан 144 елдің арасында 30 орынға табан тіреген. Ал облысымызда 188 әйел әртүрлі басшы лауазымда, екеуі Парламент мәжілісі мен Сенатта, біреуі genderоблыс әкімінің орынбасары және төрт нәзік жанды аудан әкімдерінің орынбасарлары болып еңбек етуде. Сондай-ақ облыстағы 48 мың кәсіпкерлік субъектісінің 19-ын, яғни облыстағы компаниялардың 41 пайызын бизнес-ледилер басқарып отыр.

Жиында отбасының беделі, ана мен баланы қорғау, әйел адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқылануда.

                                                                          Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру