12.12.2016, 19:06
Оқылды: 41

Оралда тәртіп сақшыларына 60 темір тұлпар тарту етілді

dvd-mawinaБүгін Жеңіс алаңында ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне орай  Ішкі істер департаменті ұйымдастырған салтанатты шара өтті. Шараға арнайы келген облыс әкімі Алтай Көлгінов  ішкі істер органдарының қызметкерлерін мерейлі мерекемен құттықтады.


-Мереке қарсаңында жергілікті полиция қызметіне 60 «темір тұлпарды» тарту етпекпіз. Бұл автокөліктердің 50-і 12 ауданға, 10-қалада ел тыныштығын одан  әрі қамтамасыз етуге, өз үлесін қосады деген сенімдеміз,- деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ салтанатты шарада еңбегімен көзге түсіп, қоғамдық тыныштықты сақтауға үлес қосқан бірқатар тәртіп сақшылары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олардың қатарында Орал қалалық ішкі істер басқармасының учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Жанайдар Мұсадиев, облыстық ішкі істер департаменті, криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Марат Қазиуллин бар.

dvd-mawina-2Шарада сөз алған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы полиция, генерал-майоры Мақсотхан  Аблазимов полицияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосқан үлесі үшін облыс әкімі Алтай Сейдірұлына  ризашылығын білдіріп, полицейлердің қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту жолында аянбай еңбек ететіндіктерін атап өтті.

Салтанатты шара ішкі істер органдары қызметкерлерінің салтанатты шеруімен аяқталды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале