17.05.2017, 18:23
Оқылды: 31

Оралда хас талант Хадиша Бөкееваның ғасырлық тойы басталды

received_120332000818527673Бүгін облыстық қазақ драма театрында «Хас талант Хадиша» атты кеш өтті. Бұл шараға танымал кино және театр актерлері Құман Тастанбеков пен Мерует Өтекешова, «Хадиша Бөкеева» атты кітаптың авторы, жазушы Сара Ләтиева қатысты.


received_120332000861277851Өзінің Ұстазы туралы тағылымды естелік айта келе, Меруерт Өтекешова Хадиша Бөкееваның бірнеше рольді сомдағанда киген қамзолын Батыс Қазақстан облыстық тарих және өлкетану музейіне тапсырды.

Кеш барысында көрермен қауымға мерейгердің өмір мен өнер жолынан сыр шертер әдеби-сазды театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынылды.

received_120332000885918277Айта кетейік, 18-19 мамыр күндері Қазталов ауданында жерлесіміз, Қазақстан мен КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның
туғанына 100 жыл толуына орай «Өмірін өнерімен өрнектеген» деген ортақ атаумен мерейтойлық шаралар өтеді.

received_120332000843533084Бұл салтанатты шаралар шеруі 18 мамыр күні сахна саңлағының мүсінін (бюст) ашудан басталады. Содан соң халайық театр және кино актері Х. Бөкеева сомдаған рөлдердің фотокөрмесін, сосын «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты театрландырылған қойылымды тамашалайды.

Кешкісін ел-жұрттың назарына аудан өнерпаздарының концерті, ал қараңғылық қоюланғасын мерейтойлық жұлдызжауын ұсынылады.

Ертеңіне аудан халқы мен өнер саңлағының ғасырлық мерейтойына арнайы келген меймандар бәйге, күрес, қыз қуу, аударыспақ секілді ұлттық спорт түрлерін тамашалайтын болады.

Темірболат Тоқмамбетов

Суреттерді түсірген автор. 

,zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале