28.09.2020, 10:35
Оқылды: 132

Праймериз – 2020: кәсіподақ белсенділері Халықтық бағдарлама қабылдауды ұсынады

Еңбек күні қарсаңында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин партияішілік праймеризге қатысушылармен онлайн режимінде кездесу өткізді (праймеризге облыстардан үміткерлер Zoom онлайн бейнеконференция платформасы арқылы қатысты).

Prof

Кәсіподақтардың осы сайлау науқанына қатысуы Кәсіподақтар Федерациясы мен «Nur Otan» партиясы арасындағы Меморандумды жүзеге асырудың жалғасы. Партияішілік праймериз Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырғанын ескерсек, кәсіподақ белсенділерінің мұндай саяси науқанға қатысуы – бұл елдің кәсіподақ қозғалысы тарихындағы жаңа кезең. Ел тарихында бірінші рет өткізіліп отырған «Nur Otan» ХДП-ның праймеризіне қатысуға 2,7 мың кәсіподақ белсенділері өтініш білдірді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ белсенділерінің партияішілік праймеризге қатысуы «Nur Otan» партиясымен ынтымақтастықты дамытуда тәжірибелік нәтижелер беретіндігін атап өтті.

«Біз ұсыныстарымыздың, соның ішінде еңбеккерлердің билікпен, бизнеспен қарым-қатынасы және еңбекақы, еңбекті қорғауға қатысты үміттері партияның сайлауалды бағдарламасына енуі үшін «Nur Otan» партиясымен қол қойылған меморандум аясында жұмысты жалғастырамыз. Бұл бағдарламаны шынымен де Халықтық бағдарламаға айналдыруымыз керек. Кәсіподақтар федерациясы саяси ұйым емес, бірақ біз саяси додаларға белсенді қатысқысы келетін кәсіподақ мүшелеріне қолдау көрсетеміз. Біз саяси мақсат қоймаймыз, біз әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мүдделіміз. Біздің міндетіміз – атқарушы және заң шығарушы билікке еңбек адамының мүдделері аясындағы маңызды мәселелерді жеткізу және күн тәртібін осы мәселелер бойынша құру», – деп атап өтті Кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы.

Жалпы, «Батыс Қазақстан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ-дан облыстық, қалалық мәслихатқа және мәжіліске ауыл шаруашылығы, білім саласы, денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін қамтитын бағдарламаларын алға тартушы 4 үміткер аталмыш додаға қатысуда.

Кәсіподақ үміткерлерінің бағдарламаларының негізгі мақсаты ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні оздырылған ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 26-шы съезінде қабылданған кәсіподақ қозғалысының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясының бағыттарын көздейді. Яғни тиімді әлеуметтік әріптестікті дамыту, жалақы мәселелерін шешу, жұмыс орнында қауіпсіз жағдай жасау, кәсіподақ пен еңбек заңнамаларын жетілдіру – ең басты мақсат болып табылады. Кәсіподақтардың праймеризге қатысушыларымен кездесуді аяқтай отырып, КРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин белсенділерге сайлау алдындағы жарыстың соңғы шешуші аптасында сәттілік тіледі. «Сіздердің басты міндеттеріңіз пафосты декларациялар мен месседждер емес, Еңбек адамының проблемаларын шешу бойынша нақты ұсыныстар» деп аяқтады өз сөзін ҚРКФ төрағасы.

Еске салайық, 2020 жылдың 5 маусымында еліміздің Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев праймериз өткізу туралы Жарлыққа үстіміздегі жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында қол қойғаны туралы хабарланған болатын.

«БҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале