8-707-808-48-55
27.08.2018, 20:38
Оқылды: 329
"Жайық Престе" белгілі медиатренер Асхат Еркімбайдың дəрісі өтуде

received_733546730328210 "Жайық Пресс" медиахолдингінде журналистерге арналған екі күндік оқыту курсы басталды. Алғашқы күні дəріске медиахолдингке қарасты екі облыстық жəне он екі аудандық газеттің редакторлары мен тілшілері қатысты.


- Асхат Еркімбай - белгілі медиатренер, блогер, мультимедиа, жаңа медиа бойынша шетелде терең білім алған, тынымсыз еңбектеніп, осы тақырыптарға арнайы оқулық жазып жүрген айтулы маман. Сонымен қатар Асхат Сулейман Демирел Университетінің журналистика кафедрасында дəріс оқиды. Бүгін аттай қалап, өздеріңіз үшін арнайы алдырып отырмыз. Бүгін-ертең алатын дəрістеріңіз барынша қызықты, пайдалы, білімге құштарландырып, өз қызметтеріңізге деген қызығушылықтарыңызды арттырады деп сенемін. Сіздердің де белсенділік танытуларыңызға мүдделіміз. Өздеріңізді еркін сезініп, қалаған сауалдарыңызды қойып, жауап алуға мүмкіндіктеріңіз бар. Іске сəт! - деді өз сөзінде "Жайық Пресс" медиахолдингінің бас директоры Рауан Сəбитұлы.

FB_IMG_1535422579116Айта кету керек, Асхат Еркімбайдың алғашқы күнгі дəрісі ерекше қызықты шықты. Өзара пікір алмасу ойын түрінде ұйымдастырылған дəріс кезінде жасы мен жасамысы аралас қатысушылардың барлығы бірдей белсенділік танытты. Лектор тарапынан қойылған əр сұрақ журналистерді ойландырып, өзіндік пікірін білдіріп, ой түюге жетеледі.

Күнделікті қызметінде жазып жүрген жаңалықтың тауар екендігін,  оның жан-жақты сипаттамасы мен жазу барысында қойылатын талаптарды жеңіл де ұғынықты түрде жеткізе білген Асхат Еркімбайдың өткізген дəрісі жергілікті тілшілердің өз кəсібіне жаңаша көзқараспен қарап, қорытынды жасауына игі əсерін тигізгені анық.

Дəрістің екінші күніне обоыстағы өзге де баспасөз құралдарының өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА:

Асхат ЕРКІМБАЙ - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі (2005 жыл).

-Интернеттегі қазақ блогшыларының ішкі хат алмасу торабының үйлестірушісі.

-Біріккен Ұлттар Ұйымының жас журналистерге арналған шәкіртақысын жеңіп алып, Нью-Йоркта екі айлық тәжірибеден өткен (2006 жыл).

-Орта Азия елдеріне арналған “Neweurasia.net” блогындағы қазақ тіліндегі хабарлардың үйлестіруші-редакторы (2007-2012 ж.ж.).

-Прагада өткен “New Essential Media” семинарының қатысушысы (2007 жыл) .

-Ригада өткен BarCampBaltic’s 08 блогшылардың бейресми конференциясының қатысушысы (2008 жыл).

-«Мәссаған» жастар порталының жыл блогшысы.

-2008-2009 ж.ж «Жас қазақ» ұлттық апталығында қызмет етті.

-«Award.kz» Ұлттық интернет-жүлде байқауының ұйымдастыру комитетінің мүшесі.

-«Vox news» қазақ тіліндегі экономикалық радиобағдарламаның жүргізушісі әрі редакторы болып қызмет етті.

-«Мінбер» интернет-газетінің редакторы.

-2009-2010 оқу жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Жаңа медиа технология» пәні бойынша арнайы курстар өткізді.

-2010 жылы АҚШ үкіметінің Шетел Баспасөз Орталығы бөлімі ұйымдастырған FPC Social Media Tourбағдарламасының қатысушысы.

-2011 жылы Muskie бағдарламасының шәкіртақысын жеңіп алып, Уайомнг Штатының Ларами қаласындағы Univeristy of Wyoming-те Master of Arts бойынша магистрлік дәрежесін иеленді.

-2012 жылы «Жаңа медиа: монологтан дилогқа» деген атпен кітабы жарыққа шықты.

-2013 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Журналистика факультетіндегі және «MediaNet» Халықаралық Журналистика орталығындағы жаңа медиа дәрістерін қайта жалғастырды.

-2014 жылдан бері Сулейман Демирел Университетінің Журналистика кафедрасында мультимедиа, жаңа медиа бойынша дәріс оқиды.

Айгүл Ахметова

zhaikpress.kz

received_289755865087769

received_1961716370538803

received_248625172658765

received_258902184734131

received_991422180981714

received_287862341812109

FB_IMG_1535422587720

FB_IMG_1535422579116

received_2148050185434732

FB_IMG_1535422579116

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру