3.11.2018, 14:10
Оқылды: 75

Жарықтың  бағасы өспейді

Ел арасында «қазан айынан бастап электр жарығының құны өсе­ді екен...» деген алып қаш­па әңгімелер желдей есіп жүрген еді.

501235.thumbБұл ақпараттың қаншалықты
рас-өтірігіне БҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті жауап берді. Аталмыш департаменттің бас маманы Айболат Берікқалиев­тің айтуынша, «БатысЭнерго­Ресурсы» ЖШС осы жыл­дың 28 тамызында электр энергиясының бағасын 9,9 пайызға өсіретін­дік­тері жө­нінде хабарлама жіберген.
– Олар жіберген хабарламада электр энергиясын не себепті өсіргісі келетіндеріне бірнеше себепті көрсеткен. Алай­да біз барлығын жан-жақты қарап, электр энергиясының бағасын өсіруге ешқандай негіз жоқ екенін анықтадық. «Батыс­ЭнергоРесурсы» ЖШС-ға бағаны өсіруге тыйым салу туралы дәлелді қорытынды
хабарлама жібердік. Осы жылдың соңына дейін жарықтың бағасы өспейді, – дейді БҚО табиғи монополияларды реттеу жә­не бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы Айболат Бақытұлы.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале