22.07.2016, 17:15
Оқылды: 21

Зеленов спортшыларының жетістігі

Зеленов спортшыларының жетістігіОблыс орталығында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Олимпияда қатысушыларына қолдау көрсету» ұранымен «Ұлт рухы» тақырыбында этно-мәдени бірлестік ұжымдары арасында жарыс өтті.


Спорттың 4 түрі бойынша өткен жарысқа өңіріміздің барлық аудандарынан келген командалар қатысты. Бірнеше күнге созылған жарыс қорытындысында Зеленов ауданының волейболшылары ІІІ орыннан иеленсе, осындай нәтижені қыздар арасында бақ сынаған волейболшылар да қайталады. Сондай-ақ дойбы мен тоғызқұмалақ сайыстарында бақ сынаған зеленовтықтар үшінші орыннан көрінді. Бұдан бөлек тамаша ойынымен көзге түскен футболшылар да өздерін жақсы қырынан таныта алды.

Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале