13.07.2016, 11:04
Оқылды: 29

Мал тұқымы асылдандырылуда

Bokei mal tukymyАсыл тұқымды мал өсіріп, өнімін молайтумен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау мақсатында әр тұқым бойынша республикалық палаталар құрылған. Өзін-өзі қаржыландыратын, коммерциялық емес, қоғамдық бірлестіктер асыл тұқымды куәліктер, асыл тұқымды мал мәртебесін берумен айналысады.


Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасына Бөкей Ордасы ауданынан 9 шаруа қожалығы – «Рауан» (жетекшісі С.Мұқамбетшин), «Береке» (Е.Жабасов), «Ораз» (М.Момынов), «Есет» (И.Ғабдоллин), «Каукешев» (А.Каукешев), «Ахметов» (Н.Ахметов), «Төлеген» (Б.Шәкіржанова), «Курорт» (Н.Саматов), «Талап» (И.Дәуленов) мүше боп кірді.

Бұл қожалықтар 3921 қазақтың ақбас тұқымды малын өсіруде. Оның 1953-і аналық.

www.zhaikpress.kz
Д.ӘЛИЕВ

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале