26.07.2016, 16:19
Оқылды: 42

Мерейлі отбасылар марапатталды

????????????????????????????????????

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде бақ сынаған отбасыларды марапаттау рәсімі Зеленов ауданы орталығында өтті.  


          Елбасы Н. Назарбаевтың өкіміне сәйкес, өнегелі құндылықтарды жаңғыртып, отбасы мен некенің, жағымды үлгісін таратуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған байқау аудан әкімдігінің қолдауымен «Гаухар жол» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Дәстүрлі түрде өтіп келе жатырған ұлттық байқауға белсенділікпен қатысқан 10 отбасыны марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс, «Гаухар жол» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гүлнара Бисенова, Қазақстан Республикасының ардагерлері ұйымының аудандық филиалының төрағасы Ғалымжан Мендалиев, Переметный ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Николай Анципрович және «Мерейлі отбасы-2015» байқауының аудандық кезеңінде жеңіске жеткен Қалиевтер отбасының отағасы Зейнолла Қалиев қатысты.

Бірнеше айға созылған байқау қорытындысында  Махамбет ауылынан келген Сафиндер отбасы «Бақыт бағы отбасы» аталымы бойынша марапатталса, «Ұлағатты отбасы» аталымы раздолныйлық Айтқалиевтерге, «Жарасымды отбасы» Егіндібұлақ ауылынан келген Масловтарға, «Өнегелі отбасы» щаповтық Неталиевтерге, «Өнерлі отбасы» Достық ауылының намысын қорғаған Абуовтерге, «Берекелі отбасы» перематныйлық Наурызбаевтаға бұйырса, ІІІ орынды Белестен келген Қуановтар, ІІ орынды зеленыйлық Жұмағұловтар, І орынды янайкиндік Залмұқановтар иеленсе, байқаудың аудандық кезеңінің  бас жүлдесін зеленыйлық тағы бір отбасы Мыңбаевтар қанжығасына байлады.

Марапаттау рәсімінде барлық отбасыларды құттықтаған Асылұлан Тұрсынұлы барлық қатысушы отбасыларға ізгі тілегін білдірді.

Шара соңында сахна төріне аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары шығып, «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнаған әсем әндерін тарту етті.

Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале