21.07.2016, 12:03
Оқылды: 40

Тұқымдық түрлендіру іске асуда  

Тұқымдық түрлендіру іске асудаЖәнібек ауданында «Агробизнес-2020» бағдарламасының шеңберінде тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша жыл басынан 166 шаруа қожалығы мен 1 ауылдық тұтыну кооперативінің барлығы 11173 бас аналық малы  427 бас асыл тұқымды бұқамен, 17 шаруа қожалығындағы барлығы 6800 аналық қой 227 асыл тұқымды қошқармен қамтылды.


Сондай-ақ аталған бағдарлама ауқымында, ауыл орталықтарының жеке табындарындағы 4174 бас аналық малға 151 бас асыл тұқымды аталық бұқа қосылды. Жалпы аудан көлеміндегі 14600 бас аналық мал тұқымдық түрлендіруге енгізілді. Бұл бағыт 90 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша биыл жыл басынан бері 260 бас асыл тұқымды бұқа, 52 асыл тұқымды қошқар және 4 бас асыл тұқымды көшім жылқысы сатып алынды.

         Н.Жапақов
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале