20.09.2018, 15:38
Оқылды: 68

Ақжайықта «English for Jastar» жобасы бойынша еріктілер тіл үйретуге кірісті

DSCN9718Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гаухар Шайхиниязованы, Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжнің студенттері, волонтерлар Үмітханым Сайлау мен Эльвира Амангелдіні қабылдады.

Аталған студенттер ағылшын тілін еркін меңгерген «English for Jastar» жобасының еріктілері болып табылады. Олар осы айдан бастап желтоқсанға дейін Чапаевтағы үш мектеп оқушыларының ағылшын тілінен білім деңгейін арттыру мақсатында сабақ беретін болады.

«Нұр Отан» партиясы еліміздің әр өңіріндегі ауыл балаларын ағылшын тіліне үйрету мақсатында аталған жобаны жүзеге асыруда. Аудан басшысы студенттердің осы бағыттағы талабына зор қуанышын білдірді. Ә.Жоламанов олардың алдағы уақытта колледждегі оқуларын үздік тәмамдап, білікті маман иесі болуларына, дәуірдің жаңа талабына сай жас ұрпаққа ағылшын тілін жан-жақты оқыту жөніндегі волонтерлік істеріне сәттілік тіледі.

Қабылдаудан кейін Г.Шайхиниязова мен студенттер «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының жұмысымен танысып, М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесті.

Әли АСҚАР

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале