11.10.2018, 15:29
Оқылды: 68

Ақжайықта шахматтан облыстық турнир өтті

 Ақжайық аграрлық техникалық колледжінде білікті ұстаз болып қызмет жасаған Аманжол Таспаевты еске алуға арналып кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлері арасында шахматтан облыстық турнир ұйымдастырылды.

IMG_7608

Шараға Еуразия индустриалдық-экономикалық колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Бөкей ордасы, Жаңақала, Теректі, Тайпақ және Ақжайық колледждерінің командалары қатысты.

Аталған турнирдің ашылу салтанатында колледж директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қуандық Ғабдушев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Армат Хайруллин абзал ағаның шынайы мүдделілікпен орындаған әрбір ісі ешқашан ұмытылмайтынын, оқу ордаларына өнеге болып табылатынын, кейінгі ұрпаққа мұраның бірі болып қалатынын айтты.

Турнир 64 шаршыдағы осы тамаша ойынға қызығушылар қатары қалың екенін сөзсіз көрсетіп берді.

Тартысты ойын қорытындысымен І орынды Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, ІІ орынды Ақжайық агротехколледжі, ІІІ орынды Бөкей ордасы колледжі мен Жаңақала колледжінің командалары иеленді.

Ойыншылардан Мақсот Күмісбаев (Шыңғырлау) пен Ұлжан Әбдірахманова (Теректі) «Ең үздік ойыншы» аталымдарымен қошеметтелді. Еуразия индустриалдық-экономикалық колледжінің ойыншылары «Ең жас команда», тайпақтықтар «Ең тәжірибелі команда» аталымын иеленді.

Әли АСҚАР,

суреттерді түсірген автор

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале