21.01.2019, 15:36
Оқылды: 26

Ақжайықта «WINTER FEST» денсаулық фестивалі өтті

Ақжайық ауданында қысқы спорттық ойындар маусымы аясында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «WINTER FEST» денсаулық фестивалі өтті. Оның эстафетасын ақжайықтықтар Сырым ауданынан қабылдады.

aqijayq sport (1)

Аудан әкімінің орынбасыры Тілек Ғабдушев Батыс Қазақстан облысында бастау алған осы спорт мерекесімен қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

«WINTER FEST» шарасына қатысушылар жас айырмашылықтары бойынша белгіленген шақырымға шаңғы жарысына түссе, еңбек ұжымдары арқан тартысудан күш сынасты. Балалар биіктіктен шанамен сырғанауға және «Өжет» ойындарына қатысты.

Сайыс нәтижесі бойынша, шаңғы жарысында 18 жасқа дейін ерлер арасында Қуандық Құрманбай (Абай атындағы мектеп-гимназияның оқушысы), қыздар арасында Мейрамгүл Досмағамбетова (Ақжайық аграрлық-техникалық колледж студенті), 35 жасқа дейінгілер арасында Райымбек Сапаш (Қабыршақты ауылы), Райгүл Еспусинова (Абай атындағы мектеп-гимназия), 35 жастан жоғарылардан Қуаныш Телағысов (М.Әуезов атындағы мектеп) пен Аягөз Ғабдрахманова (Чапаев №1 мектебі) І орын иеленді. Арқан тартысудан Чапаев №1 мектебінің ұжымы жеңімпаз атанды.

Жүлдегерлерге алғыс хаттар, чапаевтық кәсіпкер Даргүл Сүлейменованың демеушілігімен ұялы байланыс бірліктерінің сертификаты табыс етілді.

aqijayq sport (2) aqijayq sport (3)

Бекем Бекұлы,

Суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан

Ақжайық ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале