20.12.2018, 17:47
Оқылды: 25

Батысқазақстандық спортшы қол күрестен чемпион атанды

Ресей Федерациясының Самара облысында қол күресінен әлемнің бірнеше дүркін абсолютты чемпионы Андрей Пушкарьды еске алуға арналған ашық кубогінде сынға түскен қаратөбелік Фархат Қалиев жеңіс тұғырынан көрінді.

 IMG-20181216-WA0002

Байрақты бəсекеге Ресей Федерациясының аймақтарынан келген спортшылармен қатар Қазақстан Республикасының құрамасы да қатысып, құрыш білекті спортшылар өзара күш сынасты.

Аталмыш жарыста жерлесіміз оң және сол қолмен күштесу ережесі бойынша қарсыластарына дес бермей, +80 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль тақты.

Жас чемпион – аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, БҚИТУ-дың ІІІ курс студенті.

-Жарыс жоғарғы деңгейде өтті. Қарсыластарым осал болған жоқ. Жарысқа тыңғылықты дайындықпен бардым. Финалға дейін үш қарсыласты жеңдім, финалдық кезеңде қарсыласымнан қара күшім басым болып алтынға қол жеткіздім. Жаттықтырушым Нұрхат Нысановтың еңбегі зор, - дейді Фархат.

Тоты Есқайырова,

Қаратөбе ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале