25.11.2019, 12:55
Оқылды: 159

БҚО-да Жүрсін Ерман атындағы айтыс мектебі ашылды

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, "Ерен еңбегі үшін", "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгілерінің иегері, халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері, "Сырым ауданының құрметті азаматы", ақын Бауыржан Халиолланың 40 жас мерейтойына арналған шаралар Сырым ауданы орталығында сабақтасты.

syrym aitys mektebi (4)

Аудандық мәдениет үйі жанынан Жүрсін Ерман атындағы ақындар мектебі ашылды.

 – Облыста айтыс өнерінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Жаңыл Жұрмағамбетова, Нығмет Нағымов, Асқар Сұлтанов, Шолпан Қыдырниязова, Дариға Мұштанова, Қатимолла Бердіғалиев, Мэлс Қосымбаевтардың ізін жалғаған Бауыржан Халиолла да аз уақыттың ішінде айтыскер ретінде танылды. Осындай азамат туған жерде айтыс мектебі ашылып, оған айтыстың атасы, абызы Жүрсін Ерманның есімі берілуі елдің мерейін өсірді, - деді сыныптың ашылуында ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, "Сырым ауданының құрметті азаматы" Махмет Қажиахметов.

syrym aitys mektebi (3)

Айтыс мектебінің жас ақындары Қоңдыкер Елеуов пен Ерасыл Өміржан Орал қаласында өткен "Жырласа, жастар жырласын" атты жас ақындар айтысында І және ІІІ жүлделі орындарға ие болған еді. Айтыста қанатын жаңадан қаға бастаған екі жас ақын көптің алдында арнауларын айтты.

syrym aitys mektebi (7)

Сырым айтыс мектебін салтанатты ашу рәсімі кеңестік және қазақстандық кино және театр актеры, КСРО және Қазақстан Республикасының Халық әртісі Асанәлі Әшімовке ұсынылды.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале