13.03.2017, 11:44
Оқылды: 82

Республикалық чемпионатқа жолдама алды

Karatobe kyres   Орал қаласында самбо күресінен 1999-2000 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.


      Аталмыш додада атой салған қаратөбелік Мөлдір Зейнова +70 келі салмақ дәрежесінде жүлделі І орынға ие болды. Чемпионатта топ жарған Мөлдір сәуір айында Атырау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

    Жаттықтырушылары Дулат Қоламанов және Роман Сыдықов  Мөлдірдің қазіргі уақытта  сабақ кестесіне сай жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқандығынан хабардар етті.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале