27.07.2018, 13:40
Оқылды: 39

Шыңғырлаулық жастардың жұмысы бағаланды

Shyngyrlau zhastarШыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының жұмыс істегеніне көп уақыт өте қойған жоқ. Десек те, олардың атқарған жұмыстары айтарлықтай көп және бағалауға тұрарлық.


Күнделікті жұмыстарын айтпағанның өзінде ауданның қоғамдық  жұмыстарының бел ортасында шыңғырлаулық жастарымыздың жүргенін көреміз. Көптеген шараларға мұрындық болып, ауданымызға жаңа серпін, жаңашыл жобалар әкелгенін білеміз. Жақында облыста өткен жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-кеңес жұмысында барлық жұмыстар сарапталып, жастар саясатына қатысты мәселелер ортаға салынған-ды. Сонымен қатар келелі істер екшеленіп, алдағы күннің жоспарлары белгіленді. Еңбектері де бағаланды. Осы жиында біздің ауданның жастары да үздік деп саналып, орталықтың директоры Алмат Байболат облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың қолынан алғыс хат алды.

«Батыс Қазақстан өңірінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына қосқан  сүбелі  үлесіңіз бен  қажырлы қайратыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Ортақ жұмыстың орындалуы мен жастарға арналған бастамалық іс-шаралардың жүзеге асуы - ұжымның адал қызметі мен еңбегінің арқасы. Ұжымның адал қызметі арқасында ар мен намыстың  қымбаттылығын мәңгі сақтау арқылы тұғырлы тәуелсіздіктің жолында аянбай еңбек етуге тілектеспін», - делінген алғыс хатта.

Еңбектің еленуі алдағы күнге шабыт берері сөзсіз, демек, алда талай жұмыстар жасалмақ.

  А.Муса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале