25.07.2018, 9:12
Оқылды: 20

Сырымдық мұғалім бақша салып баптауда

Syrym bakshaТельман Исатаев Сырым колледжінде алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы болып жұмыс жасайды. Басқа мұғалімдердің жазғы еңбек демалысында немен айналысатыны бізге белгісіз, ал бұл мұғалім жаздай бақша салады.


Шідерті өзенінің жағасында қазіргі күні 4 шаруашылық бақша салып жатыр. Біздің мұғалім жетекшілік ететін «Амандық» шаруа қожалығының бақшасы 6 гектарды құрайды. 3 гектар алқапқа картоптың «Анна королева», «Лотона» және «Галла» сорттары егіліпті. Қазір алқап гүлдеп тұр.

Syrym baksha (1)Қожалық басшысы Тельман Исатаев картоптың әр гектарынан 260-280 центнер өнім аламын деп жоспарлап отыр. Сол сияқты, пияз, қызанақ, қарбыз, қауын, асқабақ сияқты көкөністерден де жақсы өнім күтілуде. Бақша Шідерті өзені арқылы мотормен суарылып тұр.

- Бұйырса, қыркүйек айының аяғында жиын-терін басталады. Бақша өнімдерін саттыққа шығарамыз. Жылдағы дәстүр бойынша, аудан орталығында өтетін ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысу ойда бар. Өнімдерімізге Syrym baksha (2)халықтың сұранысы жақсы. Тіпті бақшаның басынан үйлеріне тікелей тасымалдауға ұсыныс білдіріп отырған тұрғындар бар. Былтыр өнімдеріміз аудан орталығының өзінен ауыспай қалды. Биыл басқа ауылдық округтерді де қамтығымыз келеді. – дейді Тельман Исатаев.

Бақша салуда екі жылдық тәжірибесі бар «Амандық» шаруа қожалығы бақша мәдениетін дамыту туралы нақты ұсыныстар айтуға дайын екен.

Syrym baksha (3)Шаруашылық жетекшісі Тельман Исатаев бақша еккен кәсіпкерлерге мемлекет демеуқаржымен қолдау көрсетсе дейді. Әйтпесе тұқым сатып алу, жерді өңдеу, алқаптарды дайындау, егу, суару жүйесін жүргізу, өнімді жинау, тасымалдау сияқты жұмыстардың барлығына жұмсалатын шығын мен жұмыс күші аз емес. Биылғы өнім жақсы табысқа шығарса, қожалық трактор сатып алуды бірінші кезектегі жұмыс қылып отыр.

«Амандық» шаруа қожалығы биылдан бастап бақша шаруашылығына қосымша құс шаруашылығын да қолға алды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале