20.10.2020, 15:17
Оқылды: 133

Теректілік Нариманның алаңы

Теректі ауданы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральный ауылында су жаңа Street Workout алаңы ашылды.

 2 (3)

Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің ауылдық үкіметтік емес ұйым және бастамашыл топтар үшін ұсынып отырған шағын грант байқауы шеңберінде жүзеге асты.

Жоба жетекшісі Нариман Исмагулов гранттық 500 мың теңгеге керекті құралдарды сатып алып, жерлестерін қуантты.

- Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2020 жылы спортпен шұғылданушылар саны 30%-ды құрау керек деген болатын. Бұл жобаның арқасында ауылымызда спортпен айналысатын жастар саны артады. Облыстық және республикалық деңгейде Street Workout спорты бойынша аудан атынан өнер көрсететін спортшылар көбейеді. Сонымен қатар ауылымызда жастар жиналатын спорттық орта қалыптасады, - дейді Нариман Әлібекұлы.

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, ауыл жастарын зиянды әрекеттерден аулақтауға арналған спорт алаңның ашылу салтанатына аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұрсәуле Аткеева арнайы қатысып, сәттілік тіледі.

 

Аяулым Бақтығали,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале