29.12.2018, 16:58
Оқылды: 97

Зеленов ауданы әкімі жас спортшылармен кездесті

Бүгін Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров спорт саласында биік белестерді бағындырып, ерекше табыстарға қол жеткізген жас спортшылар мен олардың бапкерлерін қабылдады.

 sport (4)

Аудан әкімінің қабылдауында болған ел намысын ту етіп, биікке көтеріп жүрген жас спортшылар Нарқыз Ерқосаева, Еділбек Елубаев, Ақжайық Елубаева, Расул Жолдасов және бапкер Серік Хайруллин, аудандық жас туристер стансасының директоры Галина Терехова жыл ішінде жеткен жетістіктерімен бөлісті.

- Жыл өте табысты болды. Соның ішінде спорт саласындағы жетістіктер ұшан-теңіз. Чемпион атану ел үшін үлкен абырой. Ал атақты көтере білу нағыз еңбекті, үздіксіз жаттығуды талап етеді. Осы жолда аянбай еңбек етіп, әркез алда бола беріңіздер!-деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Дараланған жас спортшыларды марапаттаған Асхат Берлешұлы жас спортшылар мен бапкер Серік Құрманғазыұлына алғыс хат табыстап, естелік сыйлық ұсынды. 

sport (2)

Ертай Бимұханов,

Зеленов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале