1.06.2018, 14:57
Оқылды: 27

Зеленовтық скрипкашы таланттар аллеясынан бірінші орын алды

Жуырда Орал қаласында «Аллея талантов» атты жас өнерпаздардың  байқауы өтті.

Қаламызда алғаш рет ұйымдастырылған өнер сайысына қатысқан Зеленов аудандық балалар саз мектебінің скрипка класының 4-сынып оқушысы Әл-Мәдина Қарақұл бірінші орын иеленді.

Білікті ұстаз Бибігүл Өтежанқызынан тәлім алып жүрген Әл-Мәдинаның бұл алғашқы үлкен жеңісі. Алдағы уақытта ұстаз бен шәкірт дайындықтарын одан әрі пысықтап, басқа да конкурстар мен байқауларда бақтарын сынамақ.

Түгелбай Бисен,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале