18.09.2020, 17:46
Оқылды: 129

Жолдау кеңінен талқылануда

Шыңғырлаудың ауылдық округтерінде және мекеме-бөлімдерде санитарлық талаптар ескеріле отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы кеңінен талқылануда.

жолдау

Әр мекеме Жолдаудан туындаған тапсырмаларды талқылай отырып, өз қызметтеріне қатысты тапсырмаларға баса назар аударды. Мәселен, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Э.Тағаниязова «Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы білім беру мекемелерінде кеңінен талқыланды. Әсіресе 1 қыркүйек – білім күні халыққа жол тартқан Жолдауда білім саласы туралы кеңінен айтылғаны баршамызды қуантты. Жолдаудың «Қолжетімді әрі сапалы білім» атты тарауында әлемді жайлаған коронавирус індетінің білім жүйесіне тигізген кері әсерін оңтайлы шешуге тапсырмалар беріліп, көптеген сауалдарымызға ұстаз ретінде де, ата-ана ретінде жауабымызды алдық», – дейді.

«Біздің ұжымда да Президенттің Жолдауы талқыланды. Жолдауда алдымызға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін көбейту секілді тапсырмалармен қатар шағын және орта бизнесті қолдау, т.б. міндеттерінен туындайтын мәселелерді аудан көлемінде қалай жүзеге асырамыз деген бағытта арнайы жоспар құрудамыз», – дейді аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Р.Еслямов.

Еліміздегі карантиндік шараларды ескере отырып, тек қана шектеулі адамдардың басқосуымен өткен жиындар әлі де жалғасын табуда.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале