12.05.2020, 9:51
Оқылды: 39

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты

Коронавирусқа байланысты шектеу шараларын алып тастаған бірқатар елде науқастар саны өсіп кеткен. Бұл туралы дүйсенбі күні онлайн баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдегенін жазады ҚазАқпарат.

9051543D-03BF-461A-A91D-145F45449180

«Демалыс күндері біз болашақта туындауы мүмкін мәселелердің белгілерін көрдік», - деді Гебрейесус. «Қытайдың Ухань қаласында шектеулер алынып тасталғаннан кейінгі алғашқы ауру анықталды. Сондай-ақ Германия шектеулер жеңілдетілгеннен кейін ауру жұқтыру оқиғасының көбейгені туралы хабарлады», - деп атап өтті ол. ДДҰ басшысы елдерді сақтықпен қарауға және шектеулерді алып тастамас бұрын ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ауырғандар санының ұлғаюына төтеп беру үшін, сондай-ақ анықтау, қадағалау және оқшаулау үшін қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етуге шақырды. «Серологиялық зерттеулер көрсеткендей, халықтың аз бөлігінде COVID-19-ға қарсы антиденелер бар. Бұл халықтың көп бөлігі вирусқа қарсы тұруға қауқарсыз екенін білдіреді», - деп айтып өтті Тедрос Адханом Гебрейесус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры әлемде коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны 4 миллион адамнан асқанын хабарлады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале