17.07.2020, 20:03
Оқылды: 40

Облыстық ауруханаға Ресейден екі оттегі концентраторы мен 400 дана пульсоксиметр әкелінді

Бүгін облыстық ауруханаға өңірдегі кәсіпкерлердің қаржылай демеушілігімен Ресейден 10 литрлік екі оттегі концентраторы мен 400 дана пульсоксиметр әкелінді.

93C21632-CCFB-4EC4-91D1-86027AEB768E

Облыстық аурухана директоры Арман Байдеуовтың сөзінше, бұл құрылғылар облыстағы провизорлық стационарларға, жұқпалы аурулар ауруханасы мен қалалық көпбейінді ауруханаға, сонымен бірге аудандардағы емханаларға бөліп беріледі. Арман Нұрқайырұлы айтып өткендей, оттегі концентраторына провизорлық стационардағы науқастардың 80 пайызы қосылған.

7A87BE5C-D173-4177-AB26-54B0C825E910

Ал күніне он бес шақты науқас өкпені жасанды желдетуге тәуелді болады екен. Облыстық аурухана директоры қазіргідей қарбалас та қиын шақта жомарттық танытқан кәсіп иелеріне, жомарт азаматтарға ризашылығын білдірді.

057F40C8-3F8E-45FB-9B8D-B02F1C538179

«Елімізді, әлемді жаулаған кеселмен күресуде халықтың ынтымақ-бірлігінің маңызы зор. Бәріміз бұл кеселмен бірлесіп күресуіміз қажет. Облыстағы кәсіпкерлер  шама-шарқынша көмек қолын созуда. Алдағы уақытта да кәсіп иелері қамқорлықтарын аямайды деп санаймын», - дейді «Каз-Хол» ЖШС директорының орынбасары  Дидар Әсетов.  

FDAD1558-81FC-4B8A-BFC2-A35F289CB395

Айта кету керек, өңірдегі кәсіпкерлердің әрқайсысы мүмкіндігінше «Ақжайық» қорына қаражат аударуда. Бүгінде аталмыш қорға  100 миллионның үстінде қаражат  жиналған. Бұл қаражатқа облыстағы науқастарды емдеуге қажетті медициналық құралдар  алынуда. Соның бір дәлеліндей, жуырда  облысқа алғашқы лекпен 160 оттегі концентраты жеткізілген еді.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале