Әлеуметтік желіден белгілі ақын, қазақ айтысының аққуы, блогер Айнұр Тұрсынбаеваның елге көмек беру мақсатында Түркиядан өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алып жатқанын көрген едік.
Ақын, жерлесіміз Бауыржан Халиолла арқылы Жымпитының жағдайы Айнұр ханымның да назарына ілігіпті.
– Батыс – талай жүлде алған жеріміз ғой. Жымпитыны білемін. Ол жақтағы ағайын ауырмасын! Менің атымнан бір оттегі концентраторы сыйлық! – депті. Айнұрдың ақындығын білетін жұрт, осылайша оның азаматтығына да куә болды.
Түркия жақтан келе жатқан «ауа» Сырым ауданына осы аптада жетіп қалуы мүмкін.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz