24.07.2020, 14:00
Оқылды: 39

Жымпитыға Түркия мен Қытайдан көмек келді

Осыған дейін белгілі айтыс ақыны, блогер, «Aidyn nury» қоғамдық қорының төрайымы Айнұр Тұрсынбаеваның Сырым ауданына 1 дана оттегі концентраторын жіберетін болды деп хабарлағанбыз. Концентратордың тағы 1 данасын продюсер, жерлесіміз Алпамыс Шаримов әлеуметтік желідегі оқырмандарымен күш біріктіріп, қаражат жинап, сатып алды. Аппараттар Түркиядан Жымпитыға жеткізіліп, Сырым аудандық орталық ауруханасына тапсырылды.

491602A3-B964-45DE-94C8-789D08F2AEF8

Қазақстанға Қытайдан жолданған гуманитарлық көмектен де біздің ауданға үлес тиді. Аспанасты елінен келген бір-бір қорап медициналық бетперде, қорғаныш көзілдіріктері мен бірреттік костюмдер және 6 дана пульсоксиметр мен 2 тепловизор коронавируспен күресте жүрген сырымдық дәрігерлерге қомақты қолдау болып отыр. Ал «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыстық штабы 200 литр таза ауыз су жіберіпті.

ECBBECBE-5910-4AEC-B717-4C9E9FA18D12

Жәрдем-көмектерді өңірлерге тасымалдау жұмыстарын «DAULETTEN» қоғамдық қоры ұйымдастырса, оларды аудандық ауруханаға Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының волонтерлары жеткізіп берді.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале